BEELINE ЖАС КӨШБАСШЫЛАРҒА ЖӘРДЕМ БЕРЕДІ!
Beeline Қазақстан AIESEC халықаралық студенттер ұйымы ұйымдастырған «Leadership Development Day» жастар конференциясына қолдау көрсетті. Конференция KIMEP университетінде өтті. Конференция аясында өткен шеберлік-класстары мен тренингтерге 1000 астам Алматылық студент қатысты.
«Біз дамуға, жаңа білім мен тәжірибелік дағдыны игеруге ұмтылатын жастарымызға кез-келген уақытта қуана қолдау көрсетеміз. Әдеттегідей AIESEC жобасының спикерлері болып, өз тәжірибесімен және дұрыс мақсатты қалыптастырудың және осы мақсатқа жетудің сәтті жолдарымен студенттерге шабыт беретін Beeline Қазақстан компаниясының топ-менеджерлері мен сарапшылары тағайындалады. Өткен «LDD» конференциясында біз, сәтті команданы қалай құру керектігі туралы, сондай-ақ әрбір студент Step4Pro машықтану бағдарламасына қатыса отырып, Beeline Қазақстан командасының мүшесі бола алатыны туралы айтқанбыз», - деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Тарас Пархоменко пікір білдірді.
«Көшбасшылықты Дамыту Күні («Leadership Development Day») – бұл жыл сайын белсенді жастар мен Қазақстанның жетекші компаниялары өкілдерінің басын қосатын алаң. Іс-шара - жастарға жаңа білім алу мен өз сұрақтарына тәжірибелі кәсіпкерлерден жауап алуда тамаша мүмкіндік сыйлайды. Жобаларымызға тұрақты көмек пен қолдау көрсеткені үшін Beeline Қазақстан компаниясына зор алғысымызды білдіреміз», -деп AIESEC-Қазақстанның Сыртқы байланыс және қоғаммен байланыс директоры Жадыра Секрекова өз ойымен бөлісті.
Beeline бес жылдан артық уақыт бойы Қазақстандағы AIESEC жобаларына қаржылық және ұйымдық қолдау көрсетіп келеді. 2014 жылы AIESEC Beeline-ның қатысуымен Алматы қаласында «Youth to Business Forum» форумын және Астана қаласында ««Leadership Development Day» конференциясын өткізді. Бұл іс-шаралар жастар мен бизнестің арасындағы екі жақты диалогқа арналған алаң ретінде ұйымдастырылды. Негізгі тақырыптар - инновация, кәсіпкерлік және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік болды.