ДЕПУТАТТАР КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРМЕ ШАРАЛАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттары қоғамдық көлік және такси жүргізушілеріне жол қауіпсіздігін сақтау мәселесіне қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлады мәслихаттың баспасөз қызметінен.
Шара «Қызылорда қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шаралардың жүзеге асырылуы туралы» мәселені қыркүйек айында өтетін қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсыну жөніндегі уақытша жұмысшы комиссиясының жұмыс жоспары аясында өткізілді.
Іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары, қалалық жергілікті полиция қызметі, қалалық кірістер басқармасының және қалалық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары қатысты.
Түсіндірме жұмыстары кезінде депутаттар орталық алаң маңындағы теміржол вокзалы аумағындағы такси тұрақтарындағы көлік жүргізушілерімен сұқбаттасты.
Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы әзірленген такси жүргізумен айналысу үшін қандай заңдылықтарды білу қажеттігі жөнінде жадынамалар таратылды.
Сонымен қатар, депутаттардан құралған жұмысшы топ қоғамдық көлік бағыттарына мініп, олардың жол қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін назарға алды.
Көлік жүргізушілері «Темір жол» вокзалы аумағындағы авто тұрақтарды жеңіл көліктермен қоғамдық көлікке ыңғайлы етіп жабдықтау туралы ұсыныс білдірді.
Түсіндірме шарасы барысында айтылған ұсыныс пікірлер үстіміздегі жылдың қыркүйек айында өтетін қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында көтерілетін болады.