ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Басқарма Төрайымы Шамшидинова Күләш Ноғатайқызы Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Бұл лауазымды енді Жұматай Бахыт Әмірханұлы атқаратын болады. Бұған дейін ол Астана қаласындағы Халықаралық мектептің директоры болды, деп хабарлады НЗМ сайты.
Жұматай Бахыт Әмірханұлы 1980 жылдың 27 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірген. Жалпы еңбек өтілімі – 14 жыл. Оның ішінде 7 жыл білім саласында жетекшілік қызметте еңбек еткен. 2001-2002 жж. – Көкшетау қаласында дарынды балаларға арналған лицей-интернатта тәрбиеші, 2002-2007 жж. – Атырау облысының дарынды ұлдарға арналған лицей-интернатының информатика пәнінің мұғалімі, кейін 2007-2008 жж. мектеп директорының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2008-2013 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы №2 дарынды қыздарға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының директоры болды. 2013 жылдан бастап Астана қаласындағы Халықаралық мектептің директоры қызметін абыроймен атқарып келді.
Көптеген оқушылары Польша, Грекия, Мексика, Болгарияда өткен информатика пәнінің Халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері атанды. Әлемдік ғылыми жобалар сайыстарында да Жұматай Бахыт Әмірханұлының оқушылары жүлделі орындарды иемденген. Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктерінде білім саласына қатысты өзекті мәселелер бойынша өткен семинарлардың қатысушысы.
Атырау облысы бойынша «Үздік педагог» номинациясының егері. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «За верность олимпийскому движению» атағы мен Құрмет Грамотасы және білім беру жүйесін дамытудағы мінсіз шығармашылық еңбегі үшін Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапатталды. Төрт тілді – қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерін еркін меңгерген.
Бахыт Әмірханұлының жоғары жетістіктерін атап өткен Күләш Ноғатайқызы жас басшыға алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, елімізде өзіндік орны бар Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жұмысын бұдан әрі жандандыру жолында аянбай еңбек ететініне сенім білдірді.
Ал бұған дейін Қызылордадағы зияткерлік мектебінің директоры қызметін атқарып, жергілікті оқушылардың қазіргі заманауи білім алуына мүмкіндік беретін жаңа мектеп қызметін қысқа мерзімде, яғни 3 жылдың ішінде оңға бағыттай алған ерік-жігері мықты басшы Мүнкеева Гүлмира Бахытбекқызы енді Алматы қаласы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебін басқаратын болады. Басқарма Төрайымы Күләш Ноғатайқызы Гүлмира Бахытбекқызының атқарған жұмысына алғысын білдіріп жұмыста жаңа табыстар тіледі.