ЖЕР МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ МОРАТОРИЙДІ ҰЗАРТУ ЖӨНІНДЕГІ ШЕШІМДІ ҚОЛДАДЫ
"Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық және қалалық мәслихаттары депутаттық фракциясының мүшелері Ақжарма ауылдық округінде сайлаушылармен кездесті. Кездесуде жер реформасына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.
«Жер – қазақ ұғымында тек материалдық емес, сонымен бірге рухани игіліктердің де ордасы. Сондықтан жер мәселесі бізді бөлу емес, керісінше біріктіруі қажет», - деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Әділбек Ерсұлтанов.
Кездесуде қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутаты Шәріп Әбдірахманов, қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Берік Сәрменбаевтар Жер туралы кодекске енгізілетін өзгерістерді түсіндірді.
Сайлаушылармен кездесуде депутаттар халықтың тұрмыстық түйткілдерін тыңдап, түрлі сұрақтарына жауап қайтарды. Ең бастысы, халық жер мәселесіне қатысты мораторийді 5 жылға ұзарту жөніндегі шешімді қолдап отыр.