«ӨЗ ҮЙІМ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРДАН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАНАДЫ
«Өз үйім» меншікті бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Қызылорда қаласында екі тұрғын үй бойынша (100 пәтер) пулға қатысу мақсатында банк салымшыларынан өтініштерді қабылдай бастады, - деп хабарлады банк сайты.
Сырдария ықшам ауданының С.Бейбарыс көшесінде орналасқан жаңа нысандардың бірі - 40 пәтерге, екіншісі – 60 пәтерге есептелген. Тұрғын үйлер таза әрленген күйде және 1 ш.м. үшін 140000 теңге бағасымен берілмек. Тұрғын үй құрылысы 2016 жылдың 1 қыркүйегінде аяқталады деп жоспарлануда.
Банк салымшылары 2016 жылдың 15 тамызынан 24 тамызына дейінгі аралықта банктің www.hcsbk.kzресми сайтындағы «Жеке кабинетте» өз өтініштерін бере алады немесе Қызылорда қаласында орналасқан банк филиалына баруларына болады.
Пулдан өткен банк салымшылары төлемқабілеттілікті тексеру процедурасынан өткеннен кейін, жаңа пәтерлерінің кілтін желтоқсан айының ортасында алып, қоныс тойын тойлайтын болады.
Жалпы, аталған тұрғын үй нысаны құрылысының алғашқы кірпішін 2016 жылы 31 қаңтарда Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасының Төрағасы Айбатыр Жұмағұлов салған еді. Бұған қоса, тараптар осы жобаға қатысты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Осылайша, бүгінде Қызылорда облысы «Өз үйім» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысын жүргізіп, оны пайдалануға ұсынған алғашқы өңір саналып отыр.
Бұл жоба аясында алдағы уақытта Қызылорда қаласында 500 пәтерлік 10 тұрғын үй пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, жұмыс көлемінің көптігіне қарамастан, мемлекеттік бюджет тарапынан аталған жобаға бір де бір теңге жұмсалмайтын болады.