1 870 ЛОТ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЗАҢНАМАСЫ БҰЗЫЛҒАН
Қызылордада камералдық бақылау нәтижесінде лоттарға бөлмеу, әлеуетті өнім берушілерге заңнамада көзделмеген біліктілік талаптарын қою, тең мүмкіндіктер бермеу сияқты кемшіліктер жиі кездеседі. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының міндетін атқарушы Қ.Тұрымтаев мәлімдеді.
Ағымдағы жылдың алты айында 76014 мың теңге камералдық бақылаумен қамтылып, оның 10402,2 млн. теңгесі немесе 1870 лот бойынша мемлекеттік сатып алу заңнамасының бұзылғаны анықталды.
- Соған сәйкес конкурс ұйымдастырушыларға олқылықтарға жол беру жауаптылыққа әкеп соғатыны жөнінде хабарламалар жолданды. Камералдық бақылаудың мақсаты – заңбұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, - деді Қ.Тұрымтаев.
Назерке САНИЯЗОВА