ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ ЖАУЫН-ШАШЫНСЫЗ
Атмосфералық ағымдардың өтуінен республиканың кейбір өңірлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта күн ашық, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде Атырау, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады. Жамбыл облысында, күндіз Қызылорда өңірінің кейбір аудандарында жел тұрып, шаңды дауыл көтеріледі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман байқалады, Солтүстік Қазақстанда жел күшейеді.
Күндіз Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, сондай-ақ Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық күтіледі. Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.