ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН АШЫҚ
Республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, тек батыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында атмосфералық ағымдардың өтуінен өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, Жамбыл, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады, шаңды дауыл көтеріледі. Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кейбір аудандарында жел тұрады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан өңірлерінде, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.