20 МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ СҰРАНЫСЫНА САЙ ОҚЫТЫЛАТЫН БОЛАДЫ
«Еңбек машықтарын дамыту мен жұмыс орындарын ынталандыру» жобасының аясында жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған 20 мың қазақстандық еңбек нарығының сұранысына сай оқытылатын болады. Қосымша 12,7 мың кәсіпорын қызметкерлері кәсіби машықтарын дамыту мен еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін арттыру мақсатында білім алады, деп жазады mzsr.gov.kz.
Қазақстандықтарды қажетті машықтар мен біліктілікке үйрету үшін біліктілік талаптарына сай келетін отандық және шетелдік компаниялардың 400-ге жуық білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдарды шақыру жоспарланып отыр.
Жоғарыда аталған жоба 2014 жылдың мамыр айында ҚР Үкіметі мен Бүкіләлемдік Банк Тобы арасындағы серіктестік туралы Негіздемелік келісімді жүзеге асыру мақсатында жүргізіліп отыр. Ол кәсіби стандарттарды, кәсіби-техникалық және жоғарғы білімді, біліктілікті сертификациялау мен бағалау, сондай-ақ, жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын дамыту мен оқуға мұқтаж кәсіпорын қызметкерлерін, өнімсіз жұмыспен қамтылған азаматтарды, жұмыссыздарды оқыуды қарастырады.
Біліктіліктің ұлттық жүйесінің аясында еңбек нарығының сұранысына сай 550 жаңа кәсіби стандарттар мен 340 білім беру бағдарламалары жасалатын болады. Сонымен бірге, біліктілікті бағалау мен тағайындаудың тәуелсіз жүйесі бойынша жол картасын жасау, сертификациялаудың кәсіби органдарын құру қарастырылып отыр. Еңбек нарығын ақпараттандыруды жетілдіру, оған ауыл және аудан әкімдіктерінің қолжетімділігін арттыру да жоспарланып отыр.
Сонымен бірге, жобаның міндеттерін жүйелі түрде шешу мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында бірігіп қызмету ету бойынша келесі меморандумдарға қол қойылды:
- техникалық және кәсіптік, жоғарғы білім берудің оқыту бағдарламаларын жаңарту мен қайта қарау жүйесін тиімді жүзеге асыру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Кәсіпқор» Холдингі» ҰАҚ пен Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум жассалды.
- жұмыспен қамту және өнімділікті арттыру көрсеткіштерін жетілдіру жұмыстарының аясында өзара тиімді ынтымақтастықты құру үшін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Жуырда «Атамекен» ҰКП-мен ортақ қызмет ету жоспары мен меморандумына қол қою жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Еңбек машықтарын дамыту мен жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын 2016-2020 жж. жүзеге асырады.