ҚАЗАҚСТАНДА APPLE ЖӘНЕ GOOGLE ТҰРҒЫРНАМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРҒА САЛЫҚ ЕНГІЗІЛМЕК
Қазақстанда Apple және Google тұрғырнамалары арқылы қаржылық операциялар үшін салық өндіріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
«Биыл біз заңнамаға өзгеріс аясында электронды операциялар үшін салықтық төлемдерді өндіру жүйесін ретке келтіру мәселесін көтереміз, яғни бұл тұрғыда Apple және Google арқылы төленетін операциялар ескерілмек»,-деді Д.Ерғожин.
Оның айтуынша, көршілес Ресей тарапы бұл мәселенің шешімін жасаған көрінеді.
«Біз қазіргі кезде талдау жасаудамыз. Менің ойымша, қыркүйекте аталған компаниялар өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізіп, аталған жоспарды жүзеге асыруды талқылаймыз. Атап айтқанда, олар кез келген жағдайда төлем жасауы тиіс. Себебі, осы екі тұғырнама арқылы доллармен миллиондаған сауда операциялары жүргізіледі, ол жерден ондаған миллион доллар өткізіледі. Осы ретте бюджет бұдан қандай да бір үлесін алу керек»,-деді Д.Ерғожин.