КӨЛІККЕ «ӘДЕМІ» МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ НӨМІРІН САТУДАН БЮДЖЕТКЕ 5 МЛРД. ТЕҢГЕ ТҮСТІ
Қымбат көлік нөмірлерін сатудан бюджетке 5 млрд. теңге түсті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына берген жауабында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мәлім етті.
«Норманы енгізген күннен бастап, (2014 жылдың 20 қазаны), қазіргі уақытқа дейін 11380 жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің жиынтығы сатылды және олардың сатылуы есебінен бюджетке 5283079953 теңге түсті», - делінген «ҚазАқпарат» агенттігіне берілген жауапта.
Халық арасында ең үлкен сұранысқа 007 мен 777 нөмірлері ие. Мемлекеттік тіркеу нөмірлері Алматы мен Астанада көп сатылған.
«Әдемі» нөмірлердің бағасы Салық кодексінің 540-бабында белгіленген.
100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 сандары бар мемлекеттік нөмірлердің құны айлық есептік көрсеткіштің 13700 пайызына тең келсе, 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлері айлық есептік көрсеткіштің 22000 пайызын құрайды.
Айта кетейік, Қазақстан АЕК деңгейі - 2121 теңге.