КӘСІПОРЫН МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫМЕН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
«ГазТрейд» ЖШС – Қызылорда облысы бойынша метан түріндегі өндірістік газды шығарумен айналысатын жалғыз кәсіпорын. Компанияның негізі 2009 жылы қаланып, ішкі және сыртқы газ құбырларын газдандыру қызметін көрсете бастады.
Аталған саладағы көп жылдық тәжірибе мен экологиялық отынға деген автокөлік иелерінің тарапынан түсетін үлкен сұранысты ескере отырып, компания метан шығаруды қолға алумен қатар, 5 автоматты газтолтыру бағаналары бар газ құятын автомай станциясын ашты. Бұл жобаның жүзеге асуы мемлекеттік бағдарламаға қатысу арқылы мүмкін болды. «ГазТрейд» ЖШС директоры Берік Тұрахметовтың сөзінше, мекеме «Даму» қорына кеңеске жүгіну барысында оларға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие рәсімдеу ұсынылды.
«Даму» қоры арқылы компания ДБ «Сбербанк» АҚ 354,9 млн. теңге көлеміндегі несиені 14% үстемемен рәсімдеді және оның 7% мемлекет тарапынан субсидияланады. Осылайша компанияның несиені төлеу кезіндегі берешек салмағы екі есеге азайды.
Берік Тұрахметовтың айтуынша, жаңа жобаның жүзеге асуы қосымша 10 жұмыс орнын ашу арқылы компанияның штатын екі есеге ұлғайтып, айналым бірнеше есеге артты.
- Газды отын ретінде пайдалану көлемі артуы себебінен газға деген сұраныс күн санап артуда, мұның себебі бензинге қарағанда газдың бағасы 2,5 есе арзан және оның шығыны да төмен. Көптеген автокөлік иелері қаржы үнемдеу мақсатында көліктерін газдық отынға сай қайта жабдықтауда. Бір жылдық еңбек нәтижесінде байқағанымыз, газбен жүретін көліктер саны көбейді, - дейді Берік Тұрахметов.
Ескере кетсек, табиғи газ өзінің төмен құнымен ғана сұранысқа ие болып отырған жоқ. Сондай-ақ ол қоршаған ортаға зияны жоқ экологиялық таза өнім болып табылады. Мемлекеттің қолдауы аясында «ГазТрейд» ЖШС ISO 9001:2008 стандартына сай келетін жоғарғы сапалы газ отынын шығаруға мүмкіндік беретін жаңа заманғы құрал-жабдықтар сатып алды.
- Біздің компания аймақтағы метан өндіретін жалғыз өндіруші кәсіпорын болып табылады. Тәулігіне 9400 куб газ шығарамыз. Бүгінгі таңда өзге де автокөліктерге метанға сай құрылғыларды орнату арқылы сату көлемін арттыуға жұмыс жасап, кәсіпті кеңейтуді жоспарлаудамыз, - деп өз ойымен бөлісті «Газтрейд» ЖШС директоры Берік Тұрахметов.