ӘКІМДІКТЕРГЕ «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАРАЖАТЫН ИГЕРУДІ ТЕЗДЕТУ КЕРЕК – ҰЭМ
Үкіметтің отырысында «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру мәселесі қаралды. Бағдарлама аясында тұрғын-үй салу, жеке баспана құрылысына қажетті коммуникациялық инфрақұрылымды тарту, жаңа мектептер мен балабақшалар тұрғызу және тағы басқа шаралар қарастырылған. Алайда, бүгінде жергілікті жерде қаражатты игеру жөніндегі конкурстық жұмыстар баяу жүріп жатыр. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі әкімдіктерге «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бөлініп жатқан қыруар қаржыны уақтылы игеру үшін конкурстық рәсімдерді тездетіп өткізуге кеңес беріп отыр, деп xабарлайды BNews.kz.
«Ұлттық қордан «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қаражатты игеру жұмыстары баяу жүргізіліп келеді. Сол себепті қаржыны толығымен игеру үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен жергілікті әкімдіктер тиісті конкурстық рәсімдерді жылдамдатып, ақшаны уақытында игеруді қамтамасыз етуі керек», - дейді ҰЭМ вице-министрі Марат Құсайынов Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, биыл «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға Ұлттық қордан 769,6 млрд. теңге бөлу көзделген. Бүгінде тұрғын-үй салу жұмыстары бойынша 200 млрд. теңге аударылды. Сол ақшаның 23,2 млрд. теңгесі игерілді. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қарастырылған 30,5 млрд. теңгенің 28,1 млрд. теңгесі игеріліп отыр. Ал білім беру саласындағы инфрақұрылымды дамыту үшін 60,9 млрд. теңге қарастырылған. Осы ақшаға 34 мектеп пен 17 балабақшаның құрылысын аяқтап, 43 мектеп пен 7 балабақшаны жаңадан салу жоспарланған.
Жалпы, бүгінде барлық облыстарда «Нұрлы жол» бағдарламасының қаражатын уақтылы игерілмегені байқалып отыр. Үкіметтің бүгінгі отырысында бейнебайланыс арқылы сөз алған әкімдер 1 қыркүйекке дейін осы мәселені шешуге уәде берді.