ЕЛ АУМАҒЫНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ АУА-РАЙЫ ЖАУЫН-ШАШЫНСЫЗ
Синоптиктердің болжауынша, ел аумағының басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың батысы, солтүстігі мен шығысының кей жерлерінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлайды BNews.kz.
Жамбыл облысында, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді – 15-20 м/с.
Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі деп болжануда.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.