ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ САУДАГЕРЛЕРДІҢ 95 ПАЙЫЗЫ САЛЫҚ ТӨЛЕУГЕ МІНДЕТТЕЛДІ
Әлеуметтік желіде саудамен айналысқандардың 95 пайызы салық төлеуге міндеттелді. Бұл туралы тілшілерге берген сұхбатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин мәлім етті, - деп жазады Қазақпарат.
«Біз күдікке ілінгендердің (Facebook пен Instagram арқылы сауда жасағандардың) басым бөлігін шақырттық. Олардың көбі алматылықтар - ол жақта барлығы Instagram-да отырады, сауда жасайды. Оларға барлығын түсіндірдік, 100 пайыздың ішінде 95 пайызы жеке кәсіпкер, олардың барлығы қазір салық төлейді», - деді Д.Ерғожин.
Оның хабарлауынша, «Қазпошта» онлайн-сауданың жаңа платформасын жасап шыққан.
«Ол жерде барлығы біздің жүйелермен байланыстырылған. «Қазпоштада» істейтін адам, тіркелуі қажет және салық төлеуге тиісті. Төлем қолма-қол ақшасыз жүргізілетіндіктен, барлығы ашық жүргізіледі, егер тұтынушыға тауар ұнамай, оны қайтаруды шешсе, оның қолында кепіл ететін құжаттары болады. Instagram-да өзіңіздің құқығыңызды қалай қорғайсыз? Ол ертең аккаунтын өшіре салады, бітті!», - деп жалғады Д. Ерғожин.