ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР 42 АВТОБУСТЫ КҮТЕДІ
Қызылорда облысы мен аудан орталықтарынан шалғайдағы жолаушылар ағымы аз және жол сапасы төмен 11 маршрутта жолақы ең төмен күйінде қалды.
Әлеуметтік мәні бар бұл маршруттар облыстық бюджет есебінен қаржыландырылып келеді. 2016 жылдың қаңтар-маусым айларында демеу қаржысының 50,9 пайызы немесе 9 млн.-ы игерілді.
- Қызылорда қалалық автобус паркінің құрылысы мен көгілдір отын өңдейтін шағын станцияның жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, жұмыс жүргізілуде. Былтыр маусым айында – 10, биыл тамызда 40 автобус жеткізілді. Жыл аяғына дейін қосымша 42 автобус жеткізілуі тиіс, - деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде.
Назерке САНИЯЗОВА