ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ МЕН ГАЗ БАҒАСЫ НЕГЕ ҚҰБЫЛДЫ?
Энергетика министрінің 2016 жылғы 5 шілдедегі №301 бұйрығымен елдің ішкі нарығында сұйытылған газдың тоннасы 11033,91-ден 23106,45 теңгеге көтерілді.
Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары М.Усаин мұның себебін бастапқы бағада оның өз құнын өзі ақтай алмағанымен түсіндірді.
«Сұйытылған газды өндіру ісінде жер қойнауын пайдаланушылар тек шығынға жұмыс істеп келді. Және бұл мәселе биыл ғана көтеріліп отырған жоқ», - деді ол.
Қазіргі күні өңірде акредиттелген 7 мекеме сұйытылған газды бөлшек және көтерме саудада өткізуде. Газ құятын 71 жанар-жағармай бекетінің 31-і – Қызылорда қаласында, қалғаны – аудандар мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық тас жолының бойында.
Брифингте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Мұстафаев дизель отынының бағасына қатысты өзгерістерге тоқталды. Айтуынша, осы күні бірқатар орында ол 99 теңгеден сатылуда. «Гелиос», «ҚазМұнайГаз», «СинОйл» жанар-жағармай құю бекеттерінде ғана – 108 теңгеден. Ғ.Мұстафаев көрші елдерде мұнай бағасы арзандағанда кезде дизель отынының құны да төмендеуі мүмкін екеніне сендірді. Өйткені мұндай жағдай тәжірибеде болған.
Назерке САНИЯЗОВА