МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒАСЫН НЕГІЗСІЗ КӨТЕРГЕНДЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Қызылорда облысында мұнай өнімдерінің бағасын бөлшек саудада негізсіз көтеру деректері анықталды. Бұл туралы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Нұрлан Пірімов мәлімдеді.
2016 жылдың 6 айында аталған фактілер бойынша 10 әкімшілік іс соттарда қаралып, 3,4 млн. теңгеге айыппұл салынды.
- Осы саладағы заңнаманың сақталуына жүргізілген тексерулер нәтижесімен заңбұзушылықты жою туралы 17 нұсқама берілді. Сонымен қатар әкімшілік құқықбұзушылық туралы 15 қаулы шағырылып, 21,9 млн. теңге айыппұл салынды, - деді департамент басшысы.
Назерке САНИЯЗОВА