ҚЫЗЫЛОРДА АВТОВОКЗАЛЫН САЛУҒА ИНВЕСТОРЛАР ТАРТЫЛАДЫ
2015-2020 жылдар аралығында Қызылорда облысының ауылдық округтерінде жолаушыларға қызмет көрсететін 34 пункт, аудан орталықтары мен Қызылорда қаласында 42 такси тұрағы салынады.
Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов ҚР көлік жүйесі инфрақұрылымын дамыту және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жоспарлармен бөлісті. Атап айтқанда, 2015-2017 жылдар аралығында Қызылорда қаласында автовокзал, 2016-2018 жылдар ішінде Шиелі кентінде автостанция салынуы тиіс.
- Биыл аялдама пункттері Қазалы ауданының Ғ.Мұратбаев, Шиелінің Жөлек елді мекендерінде, Жаңақорғанның Шалқия кентінде бой көтереді. Бүгінде автовокзал құрылысы бойынша облыс орталығының Сұлтан Бейбарыс көшесі бойындағы жол айрығы жанынан «Байқоңыр» корпорациясына 4,5 мың шаршы метр жер телімі белгіленіп, инвесторлар қарастырылуда, - деді Марат Бәйімбетов.
Назерке САНИЯЗОВА