ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН АШЫҚ БОЛАДЫ
Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз.Тек республиканың батысында, солтүстігі мен шығысында атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің ақпаратынша, Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріліп, жел соғады, түнде екпіні 23 м/с дейін барады. Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Қызылорда облыстарының кейбір аудандарында да жел тұрады, Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріледі деп күтілуде.
Акмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Алматы, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облысының кей аумағында аптап ыстық болады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.