ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАРЖЫСЫ «ЭКСПО-2017» ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖҰМСАЛАДЫ
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан» тартылған 15 млрд теңгені «Қазақстанның даму банкі» «ЭКСПО-2017» аумағындағы нысандар құрылысына жұмсайды. Бұл туралы қаржы ұйымына сілтеме жасай отырып, "Интерфакс" хабарлады.
Ақпаратта: «Қазақстанның даму банкі» КАSЕ қорына облигациялар орналастыру арқылы шілде-тамыз айларында «Біртұтас жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-нан 117,5 млрд теңге алды. Оның 15 миллиарды Астанада «ЭКСПО-2017» нысандары құрылысына, 17,5 млрд теңге отандық өндірісті «Қазақстан даму банкі-Лизинг» АҚ арқылы лизингтік қаржыландыруға жұмсалады. Қалған қаржы 2016-17 жылдары экономикалық өсімді ынталандыру мен халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға жеке кәсіпкерлік нысандарын қаржыландыруға жұмсалмақ", - делінген.
Ал "Астана-ЭКСПО-2017" компаниясының өкілі зейнетақы қорының қаржысы тартылатын нысандар көрме павильондары емес",- дейді. Сондай-ақ бұл нысандар 174 га аумақтың небәрі 25 гектарын ғана алып жатыр екен. Яғни қаржы халықаралық көрме кешені аумағындағы өзге ғимараттар құрылысына жұмсалмақ.