ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕРДІ КЕШ САТЫСЫНДА АНЫҚТАУ 2,3 ЕСЕГЕ ТӨМЕНДЕДІ
Бүгінде Қызылорда облысының медициналық мекемелерінде 30 онкологиялық кабинет ауруды ерте анықтау бағытында жұмыс істеуде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдегендей, сондай-ақ облыстық онкология орталығы мен аудандарда науқастарды күтуге арналған паллиативті көмек бөлімдері де ашылды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде биыл 6 айда аурушаңдық көрсеткіші жоғарылап, 100 мың адамға шаққанда 136-ны құрады.
- Бұдан қорқудың қажеті жоқ. Ауруды ерте сатысында анықтау әлдеқайда тиімді, - дейді Ақмарал Әлназарова.
Айтқандай, қатерлі ісіктерді кеш сатысында анықтау көрсеткіші 2,3 есеге төмендеді. 5 жыл және одан да артық өмір сүрудің меншікті салмағы 6,3 пайызға өсті. Аты жаман аурудан болатын өлім-жітім де былтырғыдан 34 жағдайға азайған.
Назерке САНИЯЗОВА