2016 ЖЫЛҒЫ ГРАНТ ИЕЛЕРІНІҢ ТОЛЫҚ ТІЗІМІ
BNews.kz назарларыңызға 2016 жылғы грант иелерінің толық тізімін жариялайды.
Биыл жалпы 31 мың 702 грант бөлініпті. Оның 2950 орны жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне білім алуға, 28752 гранттың бірінші курсқа қабылдауға бөлінген (күндізгі оқу – 28 452, сырттай оқу – 300 грант). Техникалық және технологиялық мамандықтарға – 12593 грант бөлінген, педагогикалық мамандықтарға шамамен 5 мың грант бөлінген, ауыл шаруашылығы және мал дәрігерлік мамандықтарына шамамен 2690 грант, медициналық мамандықтарға 3 мың грант бөлінген.
Білім гранттарын үлестіру конкурсына жалпы 59677 адам қатысты. Олардың 47 342-сі қазақ тілінде білім алатындар, ал 12335-і орыс тілінде білім алатындар. Студенттерді «Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» жобасының аясында квота бойынша конкурсқа 9797 адам қатысты.
Конкурсқа қатысушылардың ішінде 2208 түлек «Алтын белгі» иегері, 303-і колледж түлегі, ал жалпы білім беру пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарының саны - 169, жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздарының саны - 854, республикалық және халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздарының саны - 948, Президент олимпиадаларының 9 жеңімпазы бар.
Осыған дейін Білім және ғылым министрлігінің өкілдері алдын ала қорытынды бойынша, биыл «Алтын белгі» иегерлерінің бірқатарының мемлекеттік грант есебінен білім ала алмайтынын хабарлаған болатын.