МЕРЕЙЛІ ЖЫЛДЫҢ МАҢЫЗЫ АРТАДЫ
Өңірлік коммуникациялар орталығында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдын Қайруллаев биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстары мен алдағы ауқымды міндеттер жайлы кеңінен айтып берді.
Алдымен басқарма басшысы бұл саланың өңіріміздегі ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету, азаматтық қоғам институттарын дамыту және қолдау, діни қызмет, мемлекеттік ақпарат, жастар және тіл саясатын белсенді жүзеге асырып келе жатқанын жеткізді. Осы орайда облыстың қоғамдық-саяси ахуалын зерделеу, өзекті мәселелерді анықтау және олардың алдын алу мақсатында ақпараттық- талдау орталығы әлеуметтік зерттеулер жүргізеді.
Сонымен қатар аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына ықпал етіп, кең көлемдегі қоғамдық-саяси маңызды іс-шараларды ақпараттандыру арқылы жүзеге асуда. Ұлт Жоспарындағы баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет құру бағытында «Ашық үкіметті» енгізу негізінде «Ашық деректердің интернет-порталы» құрылды. Аталған порталда кез-келген мәліметке оңай қол жеткізуге болады. Тағы бір айта кетерлігі, биылғы жылдың ақпан айынан бастап, облыстық ішкі саясат басқармасының жанынан дербес өңірлік коммуникациялар қызметі заңды түрде жұмысын бастаған болатын. Мұнда есепті кезеңде 61 брифинг және 36 тікелей эфир өткен.
Қазіргі таңда облыста 83 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Оның ішінде 4 электронды, 5 ақпараттық агенттік және 74 баспа БАҚ бар. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлінуде. Мәселен, биылғы жылы осы бағытта 591 млн теңге қаржы қаралған.
Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы да жүйелі түрде атқарылып келеді. Бүгінде жастар саясатын дамытудың жол картасы аясында түрлі бағыттағы 18 әлеуметтік жоба жүзеге асқан. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 80 млн 892 мың теңге қаржы қарастырылған. Ал, қалалық, аудандық деңгейде жастар саясатын жүзеге асыру бойынша 26 әлеуметтік жобаға 52 млн 358 мың теңге бөлініп, жұмыстар қарқын алуда. Сондай-ақ, жастар саясаты институттары дамып келеді. Олар түрлі меншіктегі өнеркәсіптк кәсіпорындарда және компанияларда ашылып, жастармен бірлесіп жұмыс жасауда. Қазіргі таңда облыста 65 жастар ұйымы тіркеліп, оның 42-і белсенділік танытуда екен. Оған қоса жоғары және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарында Жастар парламенті жұмыс жасайды. Облыстық жастар ресурстық орталығының бөлімдері Байқоңыр қаласы мен аудандарда да қызмет етеді. Қуанышты жайттың бірі, жастар ресурсттық орталығы жаңа ғимаратқа көшірілді. Ғимаратта заман талабына сай метариалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге, спортпен шұғылданатын бөлме, продюсерлік, дыбыс жазу студиясы, коворкинг және психолог кабинеттерінің жұмысын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыста жастардың жұмыссыздық мәселесін шешу негізінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», «Дипломмен ауылға» және «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламалары жемісін беруде. Жастар тәжірбиесі бойынша 438 мекеме, кәсіпорындарға 766 жас маман жолданып, оның 94-і тұрақты жұмыспен қамтылған.
Брифинг барысында Айдын Бөкенбайұлы интернет ресурстарына, діни тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмыстарына кеңінен тоқталды. Әсіресе соңғы кездері әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың қатары артқандығын, оның тиімді және кері әсерін де назардан тыс қалдырмады. Сонымен бірге облыстағы діни ахуалды тұрақты деп сипаттауға болады. Бүгінде облыста 172 діни ұйым қызмет атқарады екен. Осы орайда биылғы жылы өңірде діни тұрақтылықты сақтау және конфессияаралық қатынасты нығайту мен діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын жандандыруға жергілікті бюджеттен тиісті қаржы қаралып, 6 әлеуметтік жоба жүзеге асырылған.
Ішкі саясат саласындағы басқарма қызметінің маңызды бағыты азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Жыл санап облыста азаматтық сектор тұрақты дамып келеді. Нәтижесінде, бүгінде аймақта 889 үкіметтік емес ұйым бар, олардың жартысынан астамы тұрақты жұмыс жасауда.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы ел өміріндегі қоғамдық-саяси, мәдени маңызды шаралармен ерекшеленбек. Сыр елінде айтулы мерекені толымды табыстармен қарсы алу жолында үлкен ұйымдастырушылық шаралар жүршізілуде. Сондай-ақ екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, атақты күрішші Ыбырай Жахаевтың 125 жылдығын атап өту үлкен мерейлі мәртебе болмақ..
Шара соңында журналистер тарапынан сұрақтар қойылып, оған тұщымды жауап берілді.