ШЕГІРТКЕЛЕР ТУРАЛЫ БЕЙНЕШЫҒАРЫЛЫМДЫ ДӘЛЕЛСІЗ ДЕДІ
Облыс бойынша зиянды және ерекше қауіпті организмдерге қарсы мониторинг, фитосанитариялық күрес шараларының уақытылы әрі сапалы жүргізілуінен ауыл шаруашылығы дақылдары мен жайылымдарына, шабындықтарға ешқандай залал келмеді. Бұл туралы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Жаннат Дүзелбаева мәлімдеді.
Оның айтуынша, «ТАК» КазАвиа» ЖШС-нің 5 борт жеңіл ұшағы және «Өсімдік қорғау-К» ЖШС-нің 10 арнайы жер агрегаты химиялық өңдеу жұмыстарын атқарды.
- 1 240,0 мың га жерге көктемгі-жазғы мониторинг жүргізіліп, оның 161,248 гектары химиялық өңдеуден өткізілді. Республикалық бюджет есебінен италиялық прусқа қарсы 73,309 мың га, азиялық шегірткеге қарсы 90,939 га жерге химиялық өңдеу шаралары жүргізілді. Бұл бағытқа 124 млн. теңге бюджет қаржысы бөлініп, игерілді, - деді Жаннат Дүзелбаева.