3 ЖЫЛДА ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ 93,7%-Ы, ОРТА БУЫНДЫ МАМАНДАРДЫҢ 24,8%-Ы ҚАЙТА ДАЯРЛАНАДЫ
Қызылордада жоғары медициналық және фармацевтикалық мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың 3 жылдық перспективті жоспары бекітілді.
Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова 3 жылда дәрігерлердің 93,7%-ы, орта буынды мамандардың 24,8%-ы қажеттілікке қарай біліктіліктерін арттыратынын жеткізді. Биыл 122 дәрігер неонатолог, акушер-гинеколог, реабилитолог, пульмонолог, профпатолог, анестезиолог-реаниматолог профильдерінде қайта даярланады. Ал стационарлар үшін клиникалық фармакологтар әзірленбек.
- Статистиктер мен денсаулық сақтау менеджерлері дайындалып, саланың кадрлар резерві жасақталады. Бүгінде неонатолог, акушер-гинеколог, онколог, маммолог, клиникалық фармакологтар мен менеджерлерге арналған курстар басталып кетті, - деді басқарма басшысы.
Биыл облысқа Ақтөбе, Қарағанды медакадемияларынан 120 дәрігер келеді деген жоспар бар.
Назерке САНИЯЗОВА