ОБЛЫСТА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІП ТҰРҒАН 14 СЫНАҚ ОРТАЛЫҒЫ БАР
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында барлығы 26 іріктелген тексеру жүргізді. Оның 80,8 пайызы, яғни 21-де заң бұзушылықтар анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша қолдануға жарамсыз 114 дана өлшем құралдарын пайдалануға тиым салу жөнінде 21 ұйғарымдар берілді. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте департаменттің директоры Ерқанат Кеулімжаев хабарлады.
- 2016 жылдың 1 шілдесіне облыс көлемінде 374 кәсіпорын өз өндірістеріне халықаралық сапа менеджмент жүйесін енгізді, - деді Е.Кеулімжаев. – Кеден одағы аясында қабылданып, күшіне енген 35 техникалық регламенттердің талаптарының сақталуын анықтайтын облыс көлеміндегі сынақ базаларына талдау жасады. Талдау нәтижесімен аймақта аккредатациядан өткен, түрлі сала бойынша қызмет көрсетіп тұрған 14 сынақ орталықтары мен зертханалардың және 11 метрологиялық зертханалардың, 1 сәйкестікті растау органдарының жұмыстары зерделенді.
Айта кету керек, жалпы жаңадан бекітілген мемлекеттік рәміз, яғни Қазақстан Республикасы Елтаңбасының жаңа түрі 2017 жылдың шілде айына дейін ауыстырылып бітуі тиіс.
Шынар БЕКБАН