Д.НАЗАРБАЕВА: БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫН САЛУ КЕЗІНДЕ ҚАРАЖАТ УАҚТЫЛЫ ИГЕРІЛУІ ТИІС
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі кеңесте білім беру нысандарының құрылысына бағытталған қаражатты уақтылы игеру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды pm.kz.
Биыл Ұлттық қор қаражаты есебінен білім беру нысандарының құрылысына 57 млрд теңге бөлінді, оның аясында 96 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр, олардың ішінде – 51,2 млрд теңге сомаға 77 мектеп, сондай-ақ 6,7 млрд теңге сомаға 19 балабақша.
Кеңес барысында ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова 1 тамыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдарға 26,9 млрд теңге аударылғанын мәлімдеді.
Вице-министр 21 білім беру нысаны пайдалануға берілгенін айтып өтті, оның ішінде 13 мектеп (Қызылорда облысында - 2, ОҚО-да - 7, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында - 1 мектептен), сондай-ақ 8 балабақша (Алматы облысында - 2, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында, СҚО-да, ОҚО-да, Алматы қаласында – 1 нысаннан).
«Жедел мәліметтерге сәйкес 23,7 млрд теңге немесе қаржыландыру жоспарының 88,2%-ы игерілді. Игерілмеген қаражат қалдығы 3,2 млрд теңгені құрайды. Игерілмеген қаражаттың ең көп үлесі 5 өңірге – Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарына, Астана қаласына тиесілі», - деп баяндады Б. Асылова.
Оған қоса, ол қаражаттың игерілмей қалуына мердігерлермен соттың талқылауы, мердігердің құрылыс-монтаж жұмыстары кестесінен кейін қалуы, мемлекеттік сатып алулардың аяқталмаған рәсімдері және келісімшартты кеш жасау себеп болатынын айтты.
Өз кезегінде премьер-министрдің орынбасары Д.Назарбаева облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне білім беру нысандарын пайдалануға беру мерзімдерін орындамауға жол бермеу бойынша мердігерлермен жүйелі жұмысты қамтамасыз етуді тапсырды.
«Қаражатты уақтылы игеру бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ бақылауды күшейту және сәйкес ведомство тарапынан нысандар құрылысының барысына мониторинг жүргізу тетігін жасау қажет», - деді Д.Назарбаева.