ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАТЫСЫ МЕН ШЫҒЫСЫНДА СЕЙСЕНБІ КҮНІ НАЙЗАҒАЙ ОЙНАП, ЖАУЫНДЫ БОЛАДЫ
Қазақстанның батысында және шығысында атмосфералық ағындардың өтуімен сейсенбі күні найзағай ойнап, жаңбырлы ауа райы сақталады, республиканың қалған аумақтарынлда күн райы ашық болады. Солтүстікте кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі. Шығыста күндіз бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Батыс Қазақстан, Павлодар, түнде Атырау облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетіп, шаңды дауыл көтеріледі. Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық сақталады. Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі жоғары болады.