«МЕДИАЦИЯ КҮНІ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ
«Медиация күні» республикалық акциясы аясында Достық үйінде Қызылорда облыстық соты, Қызылорда облысының Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» өтті.
«Ашық есік күніне» келуші тұрғындарға облыс соттарының судьялары, отставкадағы судьялар, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар жауап берді.
Акция барысында Достық үйінің медиация кабинеті мен мұражайы таныстырылды, тұрғындар арасында медиацияға байланысты сауалнамалар жүргізілді.
Іс-шараны ашқан Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының басшысы Ляйля Төрешова еліміздегі медиация қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті. Сонымен қатар, Л.Төрешова өңірлік деңгейде, этносаралық қатынастарда, білім алу саласында, еңбек қатынастарында және отбасылық-тұрмыстық шиеленістердегі медиация институтының дамуына, сондай-ақ, халық арасында даулар мен жанжалдарды шешуде соттар мен құқық қорғау органдарының қатысуынсыз жүргізілетін баламалы әдіс ретінде насихаттауға тығыз жұмыс жасау керектігіне аса назар аударды.
Қызылорда қаласындағы Достық үйінде ашылған медиация кабинеті өңірлік медиация институттарының жұмысын жүйелендіруге өз үлесін қосып келеді. Қалалық деңгейде 38 кәсіби, 41 кәсіби емес және аудандық деңгейде 302 кәсіби емес медиаторлар жұмыс жасайды. Аудандық кәсіби емес медиаторлардың қызметіне жағдай жасау үшін барлық әкімдіктерде медиация кабинеттері ашылып, жұмыс жасауда.
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы М.Ибрашев: «Медиатор басшылыққа алатын негіз болатын 5 қағидамен ерекшеленеді – еріктілік, тараптардың тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі және бейтараптығы, медиация рәсіміне араласуға жол берілмеуі, құпиялылық. Медиацияның артықшылылығы - тараптар уақытын үнемдейді, себебі, сот рәсіміне қарағанда бұл рәсім әлдеқайда қысқалау, мемлекеттік баж салығы төленбейді және адвокаттың қымбат тұратын қызметі керек емес» - деді.
Қызылорда қаласының кәсіби медиаторы Д.Кенжеғұлова: «Медиацияның басты мақсаты - өзара тиімді әрі қолайлы келісімге келу. Медиация сонымен қатар тараптарға қажетті құпияны жария етпеуге мүмкіндік береді және уақытты үнемді пайдалануға бағытталған», - деп өз тәжірибесімен бөлісті.
Шара барысында сот судьялары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қарапайым халық арасында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық келеңсіз жағдайларды тіркеуке алып, түйткілді мәселелерінің шешімін табуға ат салысты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі