«ХАБАР» АРНАСЫ СЫР ӨҢІРІ ТУРАЛЫ КӨРСЕТІЛІМ ӘЗІРЛЕУДЕ
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай республикалық «Хабар» Агенттігінің» тапсырысымен «Арша» студиясының түсіру топтары («Экспедиция 25» және «Большие Города») Қызылорда облысына келді, - деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасынан.
Түсіру тобы 5-11 тамыз аралығында арнайы бағдарламаға сәйкес Қызылорда облысының бірақатар әлеуметтік, тарихи-мәдени, индустриялық, құрылыс нысандарында болуды жоспарлаған. 5-6 тамыз күндері облыстық өлкетану музейін, «Сыр сүлейлері», «ҚР Тұңғыш Президент саябағы» тағы басқа қаланың көрікті жерлерін, «Арай-Аквапарк» демалыс кешенін және өндірістік орындарын түсірді. Келесі күндері Сырдария ауданындағы Н.Ілиясов ауылын және басқа аудандардағы көрікті орындарды, түрлі өндістік нысандарды аралап, «Экспедиция 25» және «Большие Города» ақпараттық турына түсірілім жүргізді.
Аталған түсірілімдер алдағы уақытта республикалық «Хабар», «24kz» телеарналарының арнайы бағдарламаларынан көрсетіледі.