ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕР МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ӨНДІРІСТІ ЖАҢҒЫРТУҒА МҮМКІНДІК АЛДЫ
Қызылорда облысы күрішті өндіру бойынша еліміздегі бірегей жетекші аймақ болып табылады. Көптеген кәсіпорындар өз қызметін осы салада жүргізіп келеді және солардың бірі жеке кәсіпкер Ерлан Нағашыбаевтың компаниясы. Мекеменің негізгі қызметі – «Лидер», «Янтарь», «Маржан» атты әйгілі күріш сорттарын өңдеу мен көтерме және бөлшек сату болып табылады.
Компанияның кәсіпкерлік қызметін кеңейту мен өндірісті жаңғырту мақсатында ЖК «Нағашыбаев Ерлан» «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында ДБ «Сбербанк России» АҚ 64 млн.теңге көлемінде несие рәсімдеді. Ескере кетсек, кәсіпорынға жеңілдетілген несие беру ЕДБ алдындағы кепілмүлкі жетіспеушілігін шешуге мүмкіндік берген Даму Қорының 50% кепілдендіруі арқасында мүмкін болды. Кәсіпкер кепілдендірумен қатар, несиенің пайыздық үстемесін субсидиялау ретінде де қолдауға қол жеткізіп отыр.
ЖК «Нағашыбаев Ерлан» несие қаражатына негізгі құралдар сатып алу мен айналым қаражатын толтыру және өндірістік базаны күрделі жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. Кәсіпкердің сөзінше, мемлекеттік бағдарламаға қатысудың нәтижесінде күріш өңдейтін зауыттың өнімділік қуатын екі есеге арттырып, өнімді жақын шетелге экспорттауға мүмкіндік туды.
- Мен өз ісімді жақсы көремін, себебі бұл менің негізгі кәсібім. Мамандығым бойынша-тұқымды сақтау мен өңдеудің инженер – технологымын. Экономикалық дағдарыс пен қатаң бәсекелестікке қарамастан, біз бизнестің жаңа кезеңіне өтуге және өндіріс көлемін арттыруға жұмыс жасаудамыз. Біздің кәсіпорын шығаратын өнімнің басты артықшылығы жоғары сапа мен төменгі баға,соның арқасында тұтынушылар арасында сұраныс үлкен, -дейді жеке кәсіпкер Ерлан Нағашыбаев.
Жобаның сәтті жүзеге асуы нәтижесінде 6 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.