ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 60 МЫҢ ГЕКТАР СУАРМАЛЫ ЖЕР БОС ЖАТЫР
Қызылорда облысының аграрлық секторы 60 мың гектарға жуық суармалы жерді пайдаланбайды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, өңірде халық шаруашылығының мұқтаждығына пайдаланылуы тиіс 228 мың гектар суармалы жер бар, алайда оның 60 мың гектары түрлі себептермен бос жатыр.
«Мәселен, 5,3 мың гектар жер дәл қазір ағын суды жеткізу мүмкін болмағандықтан пайдаланылмай отыр, - дейді облыстық табиғи ресурстар және жер қойнауын пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Бекжанов. – Жерді суландыратын жүйенің апатты жағдайда тұруы салдарынан 2,56 мың га, жердің сорлануы және су басуынан 3 мың га жер бос жатып қалды».
Дихандар тастап кеткен суармалы жерлерді қайта қалпына келтіру үшін облыста «Суландыру және жер асты арналары жүйесін жетілдіру» жобасы қолға алынды. Табиғи ресурстар және жер қойнауын пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, оған қаржы халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастық желілері арқылы бөлінеді.