БОКСШЫ ҚАНАТ ИСЛАМ УНИВЕРСИАДА-2017 ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕЛШІСІ БОЛАДЫ
WBA Fedelatin және WBA FideCaribe нұсқалары бойынша әлем чемпионы, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматыда 2017 жылы 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтетін Халықаралық қысқы Универсиаданың елшісі болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Алматы әкімінің Қанат Исламның үстіміздегі жылдың 29 қазанында Алматыда WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткізетін жекпе-жек мәселесін талқылауы барысында белгілі болды.
"Біздің міндет - әлем көз тігетін спорттық жарысты барынша жоғары деңгейде өткізу. Осыған орай, нақтылы шаралар жоспарлары жасалған. Соның бірі ретінде "Универсиаданың спорттық елшісі" деген қоғамдық қызметті енгізіп отырмыз. Оған Сіздің кандидатураңызды ұсынбақпыз. Өйткені, Сіз жанқиярлық еңбегіңіздің арқасында спортта әлемдік деңгейге көтерілгендердің бірісіз. Біз Сізді мақтан тұтамыз! Жекпе-жекте жеңіске жетіп, әлем чемпионы болуыңа тілектеспін", - деді қала басшысы Бауыржан Байбек.
Өз кезегінде Қанат Ислам ресми түрде Универсиаданы таныстырудың өзі үшін мәртебе екенін айтты. "Халықаралық ойындар Қазақстандағы спорт түрлерін дамытуға үлкен үлес қосады. Алматыда спорттық құрылыстар көбейді, қаланың өзі де өзгерді", - деді боксшы.
Еске салайық, 2017 жылы қысқы Универсиадаға қатысатын елдерді саны рекордтық көрсеткішке жетті. "Бұрындары ең көп қатысқан мемлекет саны - 52 болған. Біз Алматыда өтетін Универсиадаға 55 елден 2000 спортшы қатысады деп жоспарлап отырмыз. Қазіргі кезде 54 мемлекет онлайн-тіркеуден өтті", - деді жарыстар дирекциясының өкілдері.