АЙМАҚТА ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ
Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдын Қайруллаев биыл алты айдағы жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді.
2016 жыл ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен ерекшеленеді. Маңызды оқиғаларға орай басқарманың алдында келелі міндеттер тұр. Баяндамашы айтқандай, басты мақсат – барлық шараны идеологиялық және ұйымдастырушылық тұрғыда жоғары деңгейде атап өту.
«Есепті мерзімде аймақта қоғамдық-саяси ахуал тұрақты күйінде сақталды. Саяси тұрақсыздық белгілері байқалған жоқ. Басқарма тарапынан діни ахуалға мониторинг ұдайы жүргізіліп тұрады, діни бірлестіктің формалары мен әдістері зерттелуде. Қазіргі кезде Қызылорда облысындағы діни жағдайды тұрақты деп бағалауға болады. Одан басқа, облыс көлемінде жарық көретін және таратылатын БАҚ-тар арасында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік тапсырыс беру арқылы бәсекелестік орта қалыптастыру мақсатында барынша жағдай жасалуда. Сонымен қатар өңірде жастарды мемлекеттік бағдарламаларға тарту бағытында жұмыстар жүргізілуде», - деді Айдын Қайруллаев.
Басты бағыт – мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға 2016 жылы облыстық бюджеттен 17,7 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлеріне мемлекеттік тіл мен ағылшын тілін үйрету үшін оқу курстары ұйымдастырылуда.
Облыста саяси партиялар мен комитеттердің 6 филиалы тіркелген. Мемлекеттік билік органдары мен саяси партия филиалдарының арасында конструктивті қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін облыс әкімдігі жанында саяси партиялармен өзара іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Қызылорда облысы әкімдігі мен саяси партия филиалдарының, үкіметтік емес ұйымдар арасында тұрақты байланыс орнаған.