ҚЫЗЫЛОРДА ОТД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «ҚАМБАШ» ЛАГЕРІНДЕ ДЕМАЛДЫ
Қызылорда ОТД қызметкерлері балаларын Арал ауданындағы «Қамбаш» балалар сауықтыру лагеріне жіберді. Жыл сайын қызметкерлердің балалары кәсіподақ арқылы лагерьлерде демалып қайтады. Бұл жазда Қызылорда ОТД қызметкерлерінің 27 баласы Қамбаш көлінің жағасында орналасқан лагерьде болды.
Балаларға демалыс ұнады, Қамбаш көлі тек суға шомылуға ғана емес, өзінің әсем табиғатымен, емдік қасиеті бар көлдің суы көңілдерінен шықты. «Маған демалыс қатты ұнады. Мен бұл жерде жаңа достар таптым. Лагерьден қайтсақ та бір-бірімізден хабар алып тұрамыз», - деді Бексайын Жұбаниязов. Одан бөлек, балалар футбол, волейбол және баскетбол алаңдарында асыр салып ойнады. Орталықтың ішінде бассейн, жаттығу және акт залы бар. Мұнда балалар тек демалып қана қоймай, көптеген тың жаңалықтармен танысты.
«Біз барлық балалардың оқу жылы алдында сергіп, демалып, көп күш жинап алғанын қалаймыз. Сондай ұмытылмас көңіл-күймен үйге оралғандары біз үшін үлкен бақыт», - деді байланыс жүйесі қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ филиалының төрағасы Нина Изюмова.