«ИННОВАЦИЯЛЫҚ АВТОБУС» ДАРЫНДЫЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ
Қызылорда қаласына республикалық жаңа NIF50K бизнес-жоспарлар конкурсы аясында «Инновациялық автобус» келді. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының құзіретті арттыру бағдарламалары бойынша менеджері Анар Қожаниязова хабарлады. Қызылордалық үздік инновациялық жобалардың авторлары Нұрсұлтан Назарбаев атындағы интеллектуалдық мектептiң алаңында өз жобаларын Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің сарапшылар тобына ұсыну үшiн жиналды.
«Жоба шарты бойынша үздік идеясы бар қатысушыларға конкурсқа қатысып, 1-ші орын үшін 7,5 млн.теңге, 2-ші орынға 2,5 млн. тенге және үшінші орынға 1 млн тенге көлемінде қайтарымсыз грант ретінде жүлде қарастырылған. Конкурс шарты бойынша ең үздік жобаның авторлары телешоу қатысушылары атанады», - делінген хабарламада.
Қонақтарды облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев жергілікті атқарушы органдардың өкiлдерiмен, БАҚ өкілдерімен және кәсіпкерлерге кызмет көрсету орталығының кеңесшілерімен бірге күтіп алды.
Өтініш беруге келгендердің арасында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында гранттық қаржыландыруға ие болып, Қызыллрда қаласында алғашқы «Коворкинг орталықты» ашқан жас кәсіпкер Нұржан Тәжбенов өзінің «Сутекті газды алуға арналған қондырғы жасау» атты жаңа жобасын эксперттер назарына ұсынды. Жобаның тұжырымдамасы бойынша аталған қондырғы автокөліктерге, авиациалық және тамақ өндірісіне қолданылатын сутекті газды шығаруға мүмкіндік береді.
Келесі бір қызықты идея Назарбаев мектебінің оқушысы Айзат Абдраманованың «Қиын математикалық тапсырмаларды есептеп шығаруға арналған тригонометрикалық сағатты жасау» жобасы болды. Аталған жобаны Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің басқарушы директоры Серік Маратов ерекше атап өтіп, Айзатқа Стив Джобстың кітабын және брендтік кружка сыйлады.
Шынар БЕКБАН
Конкурсқа қатысуға өтініштерді беруге кәсiпкерлерге қызмет ету орталығында осы жылдың 1 тамызына дейін, Журба көшесі, 12 ғимаратында орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында қабылданады. Анықтама тел: 8 7242 55 11 18, 55 11 17.