ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНДЕР ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
Тамыздың 8-14 аралығында «Денсаулық жолы - 2016» республикалық акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы облыстарының шалғай аудандары мен Алматы қаласының балаларға арналған интернаттарына барады. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен хабарлады.
8-12 тамыз аралығында жылжымалы медициналық кешендер Қызылорда облысының Шиелі, Жалағаш, Арал, Сырдария аудандарына барады. Мобильді медициналық бригадалардың құрамына терапевтік, кардиологиялық, эндокринологиялық, онкологиялық қызмет мамандары мен салауатты өмір салтын қалыптастыру аймақтық орталығының мамандары кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша «Денсаулық жолы – 2016» кең көлемді акциясы өтеді. Оның мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру және көптеген аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру және практикалық көмек көрсету болып табылады.