ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕДИАЦИЯ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
«Медиация күні» республикалық акциясы аясында Достық үйінде «Ашық есік күні» өткізілді. «Ашық есік күні» облыстың барлық аудандарында бір мезетте салтанатты түрде ашылды.
Салтанатты ашылу барысында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының басшысы Л.Төрешова Қазақстан халқы ассамблеясының медиация институтын дамыту бағытындағы жұмыстарын баяндап, қазақ халқының бітімгершілік тарихы мен билер институтының рөліне ерекше тоқталды.
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы М.Ибрашев: «Медиация мәселесін жүргізуде медиаторлар 5 негізгі қағиданы басшылыққа алады – еріктілік, тараптардың тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі және бейтараптығы, медиация рәсіміне араласуға жол берілмеуі, құпиялылық», - деп ойымен бөлісті.
Кәсіби медиатор Д.Кенжеғұлова: «Медиацияның басты мақсаты - өзара тиімді әрі қолайлы келісімге келу. Медиация процедурасы уақытты үнемді пайдалануға бағытталған. Сот өндірісінен оның айырмашылығы–медиацияның нәтижесінде «кінәлілер» мен «кінәсіз» деген тараптар болмайды. Медиация сонымен қатар тараптарға қажетті құпияны жария етпеуге мүмкіндік береді», - деп тәжірибесімен бөлісті.
«Ашық есік күніне» облыстық соттың өкілдері, отставкадағы соттар, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, мүдделі мекемелердің қызметкерлері, қала тұрғындары қатысты.
Акция барысында Достық үйінің медиация кабинеті мен мұражайы таныстырылып, тұрғындар арасында медиацияға байланысты сауалнамалар жүргізілді.
Шара аясында 100-ге жуық қала тұрғындарының жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, неке-отбасылық, тұрмыстық және т.б. мәселелері бойынша облыстық соттың судьялары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлардан жан-жақты кеңес алып, түйіткілді сұрақтары шешімін тапты.
Қазіргі таңда, Достық үйінде ашылған Медиация кабинеті өңірлік медиация институттарының жұмысын үйлестіруде. Өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясының базасында тіркелген қалалық деңгейде 38 кәсіби, 41 кәсіби емес және аудандық деңгейде 302 кәсіби емес медиаторлар жұмыс жасауда.