БӨДЕНЕНІҢ ЕТІ МЕН ЖҰМЫРТҚАСЫ МЫҢ ДЕРТКЕ ДАУА
Жұдырықтай ғана бөдененің еті мен жұмыртқасы мың түрлі дертке дауа. Тіпті, Жапонияда мектеп оқушысының таңертеңгі ас мәзіріне бөдененің екі жұмыртқасы міндетті түрде енгізілген. Бұл балалардың ойлау қабілетін арттырып, бөртпе мен диатезден құтқарады. Кішкентай ғана құстың осыншама қасиетін білген Төретам кентінің тұрғыны Оразкүл Қадырова бөдене асырап, кәсіп етіп отыр, деп хабарлады «Қазақстан Қызылорда» телеарнасы.
Ең алғаш үш жүз жұмыртқа сатып алып, инкубаторда басып шығарған Оразкүл Қадырова бүгінде бөдене өсірудің қыр-сырын меңгеріп алды. Тауықтың балапаны 21 күннің ішінде жұмыртқаны жарып шықса, бөдене 17 күнде өмірге келеді. Кәсіп иесі бұл құстарға сәбидей күтім жасап, алғашқы бес күннің ішінде жұмыртқаның сары уызымен ірімшікті араластырып береді. Бұл бөдененің көзі жақсы көріп, тез жетіліп кетуіне сеп болады. Бөдененің салмағы 500 грамм болса да, еті дәмді әрі бағалы. Кезінде хандар мен ақсүйектердің сүйікті тағамы болған. Сондықтан да шынашақтай ғана құс етіне деген сұраныс жоғары. Оразкүл Қадырова қазіргі таңда бөдененің еті мен жұмыртқасын сатып, бір отбасын асырап отыр.