ҚОЛАЙСЫЗ АЙМАҚ БОЛЫП АНЫҚТАЛҒАН 100 ЕЛДІ МЕКЕН ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ
Қыс-көктем айларындағы мол су салдарынан бұзылған Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру, нығайту, күшейту және бекіту жұмыстарын жүргізуге облыстық және республикалық бюджеттен барлығы 379,0 млн теңге бөлініп, бүгінгі таңға жалпы ұзындығы 4,66 км құрайтын қорғаныс бөгеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Бәкіров хабарлады.
- Сонымен қатар облысымыз аса қауіпті Конго-Қырым қанды безгегі ауруының табиғи індет ошағы болып табылады. Биылғы жылдың көктемгі және күзгі кезеңдеріне облыстық бюджеттен 166,314 млн.теңге қаржы бөлініп, қолайсыз аймақ болып анықталған 100 елді мекендегі 94646 бас ірі қараға, 10662 бас түйеге, 282 бас шошқаға, 198702 бас уақ малға, сондай-ақ 18 626 қора мен 711 саут пен шаңлақтарға көктемгі залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді, - деді Е.Бәкіров.
Шынар БЕКБАН