ЕЛІМІЗДЕ ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫНЫҢ БАҒАСЫ ЕРКІН АЙНАЛЫМҒА ЖІБЕРІЛДІ
Энергетика министрлігі дизель отынының бөлшек сауда бағасын реттеуді тоқтату туралы шешім қабылдады. Бүгін ресми түрде жарияланған бұйрыққа энергетика министрінің міндетін атқарушы Мағзұм Мырзағалиев қол қойған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Атап айтқанда, министрдің 2015 жылғы 19 мамырдағы №361 «Бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату үшін шекті баға белгілеу туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді. Енді мемлекет литріне АИ-80-89 бағасын ғана реттей алады.
Айта кетсек, бұйрық ресми жарияланған күннен бастап үш күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді. Осыған байланысты өзгерістер келесі аптада күшіне енеді, жанар-жағармай станцияларында солярка бағасы көтеріліп кетуі мүмкін.