БАЙҚОҢЫР ПЕРЗЕНТХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖАҚЫН АУДАНДАРДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ДА ЖҮГІНЕ АЛАДЫ
Байқоңыр қаласында салынған перзентхананың қызметіне жергілікті халықтан бөлек, Қармақшы, Қазалы, Арал ауданының тұрғындары да жүгіне алады. Бұл туралы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілдігінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Бақытбек Бекпанов мәлімдеді.
- Онда терапевтік және реабилитациялық бөлімдер жұмыс жасайтын болады. Байқоңырмен қатар жақын маңдағы аудандардың тұрғындары стационарлық ем қабылдау мүмкіндігін иеленеді. Алғашқыда 86 адам жұмыс жасаса, біртіндеп 300-ге дейінгі жұмыс орны ашылады, - деді ол.
Жуырда ашылған облыстық медицина орталығының Байқоңыр филиалына 30-ға жуық маман жұмысқа орналасты. Қазіргі уақытта су, канализация, электр жүйелері қосылуда.
Назерке САНИЯЗОВА