ҚР БҒМ «ДАРЫН» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
ҚР Білім және ғылым министрлігі 2016 жылдың 12 қыркүйегі мен 14 қазаны аралығында «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығына конкурс жариялайды, деп хабарлайды BNews.kz.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы дарынды жастардың ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметiн мемлекеттік қолдау мақсатында екі жылда бір рет өткізіледі.
Сыйлыққа 29 жасқа толмаған, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, сондай-ақ тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен адамдар үміткер бола алады.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына әр жылдарда Серік Сәпиев, Илья Ильин, Ольга Шишигина, Арын Орсариев, Мейрам Бегентаев, Ғалым Ахмедьяров, Сара Тоқтамысова, Махат Садық, Ринат Кертаев, Дихан Қамзабекұлы, Досымжан Танатаров, Әйгүл Иманбаева сияқты белгілі талантты тұлғалар, «Муз АРТ», «Жігіттер», «Ұлытау» топтары ие болды.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет номинациялары бойынша беріледі.
ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, сыйлық бірнеше ізденушіге бір уақытта берілуі мүмкін, бұл жағдайда сыйлық тең бөлінеді.
Сыйлық авторлар ұжымына берiлсе, оның сыйақысы олардың арасында тең бөлiнедi.
Сыйлық алған адамдарға «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығының лауреаты» атағы берiледі, диплом, омырауға тағатын белгi және ақшалай сыйлық табыс етiледi.
Құжаттар 12 қыркүйек - 14 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінде қабылданады: 010000, Астана қ., Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі (11 кіреберіс), 240 каб. тел. 74-22-70, 74-22-90