БІЛІМ ГРАНТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ 12 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ЖАРИЯЛАНАДЫ
Қазақстанда жоғары оқу орнына түсу үшін білім гранттары иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында 12 тамызға дейін жарияланады. Бұндай шешімді бүгін Астанада Білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның мүшелері қабылдады, - деп жазады «Қазақпарат».
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің сөзіне қарағанда, биыл 31702 грант бөлінді, оның ішінде 2 950 орын жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқуға, 28752 грант 1 курсқа қабылдауға қарастырылды.
Атап айтқанда, ағымдағы жылы мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына негізделді. Осы орайда аталған басымдықтарды ескере отырып, 12593 грант техникалық және технологиялық мамандықтарға ескерілген. Сонымен қатар, 5000 грант - педагогикалық, 2690 грант - ауыл шаруашылығы мен ветеринария мамандықтарына, 3000 грант - медициналық салаға мамандықтарға бөлініп отыр.
Министрлік мәліметінше, конкурстық негізде мемлекеттік тапсырыс берілетін ЖОО-лар тізімі айқындалды. Еліміздің 112 азаматтық жоғары оқу орындары арасында оқу гранттары 87 ЖОО-ға бөлінді.
«Ағымдық жылғы оқу гранттарын алу конкурсына 59677 адам қатысуда, олардың ішінде 47342-сі - қазақ тілінде білім алуға (80 пайызға жуығы), 12 335 талапкер орыс тілінде оқуға тапсырды», - деді министр.
Е.Сағадиев «Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» жобасы аясындағы квота бойынша өткізілген конкурсқа 9797 адам қатысып отырғандығын жеткізді.