ҚЫЗЫЛОРДАДА 163 ҚАРУ ИЕСІ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Ағымдағы жылдың 25-31 шілде аралығында Қызылорда облысы аумағында атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу, заңсыз айналымнан атыс және травматикалық қаруды алуға бағытталған «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Шара барысында полиция қызметкерлерімен арнайы рейдтік жұмыстар жүргізіліп, «Тіркелген қару» есебінде тұрған қару-жарақтардың иелері тексерілді.
Тексеру барысында заңсыз айналымнан барлығы 16 қару, оның ішінде 14 тегіс ұңғылы және 2 травматикалық тапанша тәркіленіп, қаруды сақтау, алып жүру ережелерін бұзғаны үшін 163 қару иелеріне хаттамалар толтырылып, әкімшілік айыппұл салынды.
Оның ішінде, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484-бабы бойынша, азаматтық қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін 146 қару иелері, ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы бойынша азаматтық қаруды тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін не оны есепке қою тәртібін бұзғаны үшін 17 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, атыс қаруын сақтау, тасымалдау тәртібін бұзғаны үшін ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған 65 дана атыс қаруы тәркіленді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі