ШЫНАЙЫ ЕҢБЕККЕ ҚҰРМЕТ
Бейнет түбі – зейнет. Сейсенбіде облыс әкімдігінде Татьяна Даньшинаны әріптестері зейнетке шығарып салды. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, еңбекқор жанға құрмет көрсетті, сый-сияпат табыстады.
Татьяна Александровна - Орал өңірінің тумасы. Орыс тілі мен әдебиетінің маманы, заңгер. Алғашқы еңбек жолын 1964 жылы мектепте мұғалім болудан бастаған. Кейін Бөрлі аудандық комсомол комитетінде қызмет атқарған, 1983 жылы аудандық газеттің редакторы болған. 1987 жылы Батыс Қазақстан облыстық партия комитетіне ауысып, одан беріде облыстық газетте бас редактордың орынбасары боп еңбек еткен. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында облыстық халық депутаттары кеңесінде мемлекеттік құқық бойынша кеңесші, 1993-1999 жылдар аралығында Орал қаласы прокурорының, облыс прокурорының аға көмекшісі болды. 1999-2003 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік құқық бөлімінің аға референті, меңгерушісі, 2007-2012 жылдары облыс әкімінің құқық саласы бойынша кеңесшісі қызметін атқарды. Бүгінге дейін Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі болып келді.
- Татьяна Александрова – өз ісінің маманы, заңгер ғана емес, адамгершілігі жоғары, бойына тек жақсы қасиеттерді жиған жан. Ұлағатты ұстаз, талантты журналист, білікті заңгер Татьяна әрқашан жауапкершілікті жоғары қояды. Біз бірнеше жылдан бері бірге қызмет етіп келеміз, осы уақыт аралығында Татьянаның бір рет жеке басының мәселесін айтып келгенін көргенім жоқ. Сондай қарапайым, сауатты, жұмыста белсенді. Көптеген әріптестерге көмектесті, өзгелерге үлгі бола білді, - деді аймақ басшысы салтанатты рәсімде. Сондай-ақ, Қырымбек Елеуұлы оны облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапаттады. Сонымен қатар, ҚР Премьер министрі Кәрім Мәсімовтің, «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің, Қазақстан Халқы Ассамблеясының құттықтауларын табыс етті.
Өз кезегінде Татьяна Александровна облыс әкіміне, әріптестеріне, барша сырбойылықтарға құрметі үшін алғысын айтты. Көңілі толқып, ерекше қуанышқа бөленген ол кейінгі жастарға «Қызметті жан-тәніңмен істемесең, ешқандай нәтиже шықпайды» деген ақыл-кеңесін жеткізді.
Нағымжан САУЯЕВ