ЕЛІМІЗ БҮКІЛӘЛЕМДІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫН ӨТКІЗУ ИДЕЯСЫН ҚОЛДАДЫ
Қыркүйектің үші мен сегізі аралығында Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында, Ыстықкөл жағасында «Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары» өтеді. Ойынның мақсаты – жаһандану дәуірінде әлем халықтарының мәдениеті мен тұрмыс салтын жаңғырту және сақтау. Игі бастаманы Қазақстан, Әзірбайжан және Түркия қолдап отыр, деп хабарлайды BNews.kz.
Бағдарламада ойынның ашылу және жабылу салтанаты, этноспорттың 23 түрінен өтетін сайыстар, халық ойындарынан көрініс, Шолпан-Ата қаласындағы ипподром мен «Кырчын» шатқалындағы мәдени-бұқаралық шаралар, сондай-ақ «Көшпенділер өркениеті: Тарихи мұра және қазіргі заман» ғылыми конференциясы қарастырылған, деп мәлімдеді «Көшпенділер өркениетінің мұрасы» халықаралық қоғамдық қорының баспасөз қызметінен.