ҚАЗАҚСТАНДА ӘУЕ БИЛЕТТЕРІНІҢ НАРЫҒЫ 2016 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 8 ПАЙЫЗҒА ҚҰЛДЫРАДЫ
Қазақстанда әуе билеттері нарығы 2016 жылдың басынан бері 8 пайызға құлдырады. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Сhocotravel компаниясының директоры Николай Мазенцев мәлім етті, - деп жазады Қазақпарат.
Оның айтуынша, халықаралық әуе көлігі қауымдастығының деректері бойынша, Қазақстанда 2014 жылы әуе билеттері нарығының көлемі 900 млн долларды құраған.
«ҚР Статистика жөніндегі комитетінің деректеріне сәйкес, жыл сайынғы өсім - 9 пайызға жетті. Бірақ, соңғы 1,5 жыл ішінде әлемдік дағдарыс орын алды. Сондықтан нарық біршама басқа деңгейде дамыды. Брондау жүйесінің деректеріне сүйенсек, 2015 жылы нарық 2014 жылмен салыстырғанда - 8 пайызға төмендеді.
2016 жылы да бұл құбылыс сақталуда - алғашқы жарты жылдықта нарық - 8 пайызға құлдырады», - деді Николай Мазенцев.
Оның айтуынша, нарықтың құлдырауы бірінші кезекте әуе билеттерінің орташа бағасының 70 пайызға қымбаттағанына байланысты болып отыр. Яғни, адамдарға шет елдерге ұшу қымбатқа түсуде.
«Адамдар шет елдерге аз ұша бастады. Олар қазір ішкі туристік мекендерге басымдық беріп жатыр. Егер 2014 жылы әуе билеттерінің 78 пайызы шет елдерге бағытталса, 2016 жылы бұл бағыт 64 пайызды құрады. Соның салдарынан сұраныс құрылымы да өзгере бастады. Мысалы, қазір Тбилиси - қазақстандықтар үшін биыл ең сұранысқа ие бағыт болып отыр», - деді ол.
Өз кезегінде Altyn Bank АҚ басқарма төрағасы Асқар Смағұлов Қазақстанда әуе билеттерінің құнын бөліп төлеуге мүмкіндік пайда болғандығын жеткізді.
«Бұл банктің несиесі емес. Біз клиент үшін билет құнын 100 пайыз төлейміз. Ал клиент, 30 пайызын ғана төлесе болғаны. Қызметті көрсету мерзімі - 14 күннен 6 айға дейін», - деді Асқар Смағұлов.
Chocotravel компаниясының әуе билеттерін онлайн режімінде сату сервисі мен Altyn-I сандық банкі әуе билеттерін кез-келген көлемде, кез-келген бағытта сатып алуды ұсынады. Бұл жерде билет құнын 14 күннен 6 айға дейін бөліп төлеуге болады.
Асқар Смағұловтың айтуынша, бөліп төлеуге қатысты мөлшерлеме төленбейді.