ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЕХРО-НЫ ТЕГІН ТАМАШАЛАУЫ МҮМКІН
Әлеуметтік осал топтағы қызылордалықтар келесі жылы Астанаға тегін барып, ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін тамашалауы мүмкін, деп жазады BNews.kz.
- Қазір облыстық бюджеттің мүмкіндіктері қарастырылуда. Сөйтіп, Астанаға тұрмысы төмен отбасылардың балаларын, зейнеткерлерді, еңбек ардагерлері мен мүгедектерді жібергіміз келеді, - дейді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Азамат Досжан.
ЕХРО-ның ресми логотипі Қызылорда қаласы бойынша 40 маршруттық көліктерге ілінді. Енді бұл көрсеткішті тағы 90 автобуспен толықтыру көзделуде.
- «Қайсар» және «Байқоңыр» футбол клубы ойыншыларының киімдерінде де осы логотип бейнеленген, - дейді Азамат Досжан.
Қазақстан туристік қауымдастығы 15 туристік маршрутты бекітті. «Қызылорда-Байқоңыр-Қызылорда» бағыты бойынша ақпараттық тур ұйымдастырылды. Елшібай (Байқоңырдан 15 км алыста) туристік аймақ құрылады. «Қорқыт ата« кешені жанында пайда болатын этноауыл туристерді дәмді тамақтарымен және қолөнер дәстүрімен қуантпақ.